Шоқан демалыста ауылында болады. Сол кезде оның әкесі Шыңғыстың үйіне Саққұлақ шешен қонаққа келеді.
Шоқан Саққұлақ шешенді бұрыннан біледі. Ол кісі – өте ақылды, дана адам. Шоқан оған қуанады.
Шоқан Саққұлақ шешенмен сөйлеседі.
– Ақсақал, адам қандай болу керек?-деп сұрайды.
Саққұлақ шешен:
– Адам ақылды, білімді, талапты болу керек. Ол көп ойлануы қажет. Адамға жақсы мінез керек. Сонда адам өзін дұрыс ұстайды, -дейді.
Шоқан тағы бір сұрақ қояды:
– Адам кейде жолдан адасады. Жол туралы кімнен сұрайды?
– Жасы үлкен адамнан сұрайды.
– Жасы үлкен адам да адасуы мүмкін. Ол кімнен сұрайды?
– Көпті көрген адамнан сұрайды,-дейді Саққұлақ шешен.
– Ал ол адам білмесе ше?
– Көп оқыған адамнан сұрайды, -дейді Саққұлақ шешен.
– Көп оқыған адам да адасуы мүмкін. Ол кімнен сұрайды, - дейді Шоқан.
– Ол көп оқыды, білімді, сондықтан адаспайды,- дейді Саққұлақ шешен.
Ол Шоқанға қарап:
– Сен ақылды бала екенсің. Көп нәрсені білесің, тақ үстінде ағар,- деп риза болады.
Шоқан:
– Жақсы сөздеріңізге рақмет. Бірақ «тақ» деген сөзіңізді түсінбедім,-дейді Шоқан.
Саққұлақ қасындағы ағаш орындықты көрсетеді:
– Қазақ «тақ» деп мынаны да айтады,- дейді.