This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Шоқан сұрағына Саққұлақ шешеннің уәжі
A1 - Beginner · 177 words

Шоқан сұрағына Саққұлақ шешеннің уәжі

Audio player
0:00 --:--
Шоқан демалыста ауылында болады. Сол кезде оның әкесі Шыңғыстың үйіне Саққұлақ шешен қонаққа келеді. Шоқан Саққұлақ шешенді бұрыннан біледі. Ол кісі – өте ақылды, дана адам. Шоқан оған қуанады. Шоқан Саққұлақ шешенмен сөйлеседі. – Ақсақал, адам қандай болу керек?-деп сұрайды. Саққұлақ шешен: – Адам ақылды, білімді, талапты болу керек. Ол көп ойлануы қажет. Адамға жақсы мінез керек. Сонда адам өзін дұрыс ұстайды, -дейді. Шоқан тағы бір сұрақ қояды: – Адам кейде жолдан адасады. Жол туралы кімнен сұрайды? – Жасы үлкен адамнан сұрайды. – Жасы үлкен адам да адасуы мүмкін. Ол кімнен сұрайды? – Көпті көрген адамнан сұрайды,-дейді Саққұлақ шешен. – Ал ол адам білмесе ше? – Көп оқыған адамнан сұрайды, -дейді Саққұлақ шешен. – Көп оқыған адам да адасуы мүмкін. Ол кімнен сұрайды, - дейді Шоқан. – Ол көп оқыды, білімді, сондықтан адаспайды,- дейді Саққұлақ шешен. Ол Шоқанға қарап: – Сен ақылды бала екенсің. Көп нәрсені білесің, тақ үстінде ағар,- деп риза болады. Шоқан: – Жақсы сөздеріңізге рақмет. Бірақ «тақ» деген сөзіңізді түсінбедім,-дейді Шоқан. Саққұлақ қасындағы ағаш орындықты көрсетеді: – Қазақ «тақ» деп мынаны да айтады,- дейді.
Қапыш Көрімұлы.