Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Шал мен өлім
B1 - Орта деңгей · 60 сөз

Шал мен өлім

Аудио плеер
0:00 --:--
Бишара шал ормандағы ағаштан бір арқа шөпшек отын алып, үйіне қайтады. Шал шаршап, отынды үйіне апара алмай, арқасындағы отынды жерге тастап: – Е, Құдайым, мұндай өмір бергенше, маған өлім берші, – депті. Өлім шалға келіп: – Не үшін мені шақырдың, шал? – деп зекіпті. Шал өлімнен қорқып: – Маған мынау отынды көтеруге көмек бере ме деп, шақырып едім... – депті.
Бабалар сөзі, 77 том.