Бишара шал ормандағы ағаштан бір арқа шөпшек отын алып, үйіне қайтады. Шал шаршап, отынды үйіне апара алмай, арқасындағы отынды жерге тастап:
– Е, Құдайым, мұндай өмір бергенше, маған өлім берші, – депті.
Өлім шалға келіп:
– Не үшін мені шақырдың, шал? – деп зекіпті.
Шал өлімнен қорқып:
– Маған мынау отынды көтеруге көмек бере ме деп, шақырып едім... – депті.