Қазақша мәтін
Үш жолаушы бір бұлақтың басында кездеседі. Айналасы ағаш, суы салқын, әдемі, таза бұлақ екен. Бір адам бұлаққа үлкен тас қойып, қоршау жасапты. Тасқа жазыпты:
- Әй, жолаушы, осы бұлақтай бол, - деп. Үш жолаушы бұлақтан су ішіп, жазуды оқиды. Біреуі саудагер екен, ол айтты:
- Бұл ақыл сөз екен, бұлақ күні бойы ағып, алыс жерлерге барады, бұған басқа бұлақтар құяды да, үлкен өзен болады. Мұның мағынасы: сен де көп жұмыс істе, жалқау болма, тоқтама, сонда мақсатыңа жетесің, - деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, ол:
- Жоқ, мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы басқаша, бұл бұлақ: кезкелген адамға дайын, жанын рақаттандырады, шөлін қандырады, бірақ ол үшін ешкімнен ақша алмайды; оның мағынасы: біреуге жақсылық жасасаң, сол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе, - деді.
Үшінші жолаушы әдемі жігіт екен. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» - деп сұрады.
Жігіт айтты:
- Меніңше бұл бұлақтың суы лас болса, бұған адам мен жануар келмейді; бұлақ күні бойы ағып, таза болады, сол үшін бәрі келеді. Жазудың мағнасы: осы бұлақтай таза бол. Күн түссе, судан күнді көреміз. Шөп түссе, судан шөпті көреміз. Адамның іші де таза болса, ол жақсы көрінеді. - деді.
Vocabulary:
Жолаушы – traveller, passenger.
Бұлақ – spring.
Қоршау – protection, shelter.
Саудагер – trader, merchant.
Құю (base form: құй) – to pour.
Мақсатқа жету – to achieve a goal.
Мүсәпір молда – poor mullah.
Жан рақаттандыру – to comfort the soul, to bring peace to the soul.
Шөл қандыру – to quench thirst.
Міндет ету – to make something a duty, to consider something a duty.
Лас – dirty.
Көріну – to appear, to be visible, to be seen.