This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Таза бұлақ
B1 - Intermediate · 263 words

Таза бұлақ

Audio player
0:00 --:--
Үш жолаушы бір бұлақтың басында кездеседі. Айналасы ағаш, суы салқын, әдемі, таза бұлақ екен. Бір адам бұлаққа үлкен тас қойып, қоршау жасапты. Тасқа жазыпты: - Әй, жолаушы, осы бұлақтай бол, - деп. Үш жолаушы бұлақтан су ішіп, жазуды оқиды. Біреуі саудагер екен, ол айтты: - Бұл ақыл сөз екен, бұлақ күні бойы ағып, алыс жерлерге барады, бұған басқа бұлақтар құяды да, үлкен өзен болады. Мұның мағынасы: сен де көп жұмыс істе, жалқау болма, тоқтама, сонда мақсатыңа жетесің, - деді. Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, ол: - Жоқ, мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы басқаша, бұл бұлақ: кезкелген адамға дайын, жанын рақаттандырады, шөлін қандырады, бірақ ол үшін ешкімнен ақша алмайды; оның мағынасы: біреуге жақсылық жасасаң, сол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе, - деді. Үшінші жолаушы әдемі жігіт екен. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» - деп сұрады. Жігіт айтты: - Меніңше бұл бұлақтың суы лас болса, бұған адам мен жануар келмейді; бұлақ күні бойы ағып, таза болады, сол үшін бәрі келеді. Жазудың мағнасы: осы бұлақтай таза бол. Күн түссе, судан күнді көреміз. Шөп түссе, судан шөпті көреміз. Адамның іші де таза болса, ол жақсы көрінеді. - деді. Vocabulary: Жолаушы – traveller, passenger. Бұлақ – spring. Қоршау – protection, shelter. Саудагер – trader, merchant. Құю (base form: құй) – to pour. Мақсатқа жету – to achieve a goal. Мүсәпір молда – poor mullah. Жан рақаттандыру – to comfort the soul, to bring peace to the soul. Шөл қандыру – to quench thirst. Міндет ету – to make something a duty, to consider something a duty. Лас – dirty. Көріну – to appear, to be visible, to be seen.
Ы. Алтынсарин, Таңдамалы шығармалар, 1955. - 413