Қонақтар кетті. Біз дастарқанға қайта отырдық. Атам көңілсіз отырды. Бір уақытта атам маған:
- Тамақтарың дәмді болды. Бірақ сен төрт қате жібердің, - деді. Сол уақытта мен қатты ұялдым.
Атам айтты:
- Бірінші қатең – қонақтардың алдына қойдың басын сен алып келдің. Қазақ әйелі қонақтардың алдына бас қоймайды.
- Екінші қатең – қойдың басын қонақтардың алдына дұрыс қоймадың. Қойдың тұмсығы алға қарап тұруы керек.
Үшінші қатең - қойдың тісін алмадың. Бұл тазалық үшін керек.
Төртінші қатең – қойдың басын қасқаламай әкелдің. Бұл – адамның жолы ашық, өмірі жақсы болсын деген тілекті көрсетеді, - деді.