This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Төрт қателік
A1 - Beginner · 94 words

Төрт қателік

Audio player
0:00 --:--
Қонақтар кетті. Біз дастарқанға қайта отырдық. Атам көңілсіз отырды. Бір уақытта атам маған: - Тамақтарың дәмді болды. Бірақ сен төрт қате жібердің, - деді. Сол уақытта мен қатты ұялдым. Атам айтты: - Бірінші қатең – қонақтардың алдына қойдың басын сен алып келдің. Қазақ әйелі қонақтардың алдына бас қоймайды. - Екінші қатең – қойдың басын қонақтардың алдына дұрыс қоймадың. Қойдың тұмсығы алға қарап тұруы керек. Үшінші қатең - қойдың тісін алмадың. Бұл тазалық үшін керек. Төртінші қатең – қойдың басын қасқаламай әкелдің. Бұл – адамның жолы ашық, өмірі жақсы болсын деген тілекті көрсетеді, - деді.
Зейнеп Ахметова. «Бабалар аманатынан».