This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Мұрагерсіз патша
B2 - Upper Intermediate · 117 words

Мұрагерсіз патша

Audio player
0:00 --:--
Бір кезде бір патша өмір сүрген. Ұлы болмағандықтан, ол өзінен кейін елді басқаратын мұрагер туралы армандайды. – Ұлым болса, мұрагерім болар еді, - деп ойлайды. Бір уәзір оған кеңес береді: – Арманы жоқ әйелді табыңыз. Оның дамбалын патшаның әйелі кисе, ұл бала туады, - дейді. Патша әр жерге шабармандарын жібереді. Олар көп жерді аралайды, бірақ арманы жоқ әйел табылмайды. Бәрінің әйтеуір бір арманы бар. Қайтып келе жатқанда, шабармандар отын көтеріп бара жатқан кедей әйелді көреді. Олар оған барғысы келмейді. «Бұл әйелдің де арманы бар шығар», - деп ойлайды. Бірақ «Мүмкін, жолымыз болар» деп әйелді патшаға алып келеді. Патша:– Арманың жоқ па? - деп сұрайды. Әйел:– Арманым да жоқ, дамбалым да жоқ, қараң қалғыр! - деп жауап береді.