This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Есті бала
B1 - Intermediate · 157 words

Есті бала

Audio player
0:00 --:--
Ертеде өте бай адамның үш баласы болған екен. Бір күні ол балаларына сұрақ қояды: – Мен қайтыс болсам, мені қалай көмесіңдер? – деп сұрайды. Үлкен баласы: – Әке, сіз қайтыс болсаңыз, малымыздың төрттен бір бөлігін сізді жерлеуге жұмсаймын, – дейді. Оның сөзін естіген ортаншы баласы: – Мен малымыздың жартысын жұмсаймын. Ағамның айтқаны аз, – дейді. Кіші баласы ештеңе айтпады. Әкесі оның үнсіз отырғанына таңғалады: – Ал сен не істейсің? – деп сұрайды. Кіші баласы: – Әке, оны қазір айта алмаймын. Адам болашақта қандай жағдай болатынын білмейді. Сол кездегі жағдайға қарай әрекет етемін, – деп жауап береді. Сонда бай кіші баласына: – Сен ағаларыңа қарағанда ақылды екенсің, – депті. Біраз уақыттан кейін елге жау шауып, халықтың мал-мүлкін тонайды. Сол кезде бай қайтыс болады. Байға жаназа оқитын адам табылмайды. Балалары әкесін өздері жерлейді. Сонда кіші баласы: – Әке, сіздің өліміңіз осылай болды. Біз сізді осылай жерледік. Мен алдын ала не болатынын білмедім. Сондықтан нақты ештеңе айтпадым, – деген екен.
А.Диваев. Тарту (жинақ) / Жинаған –– Ташкент: Қазақ мемлекет баспасы, 1924 ж. – (93б).