This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Әйтекенің тапқырлығы
A2 - Elementary · 129 words

Әйтекенің тапқырлығы

Audio player
0:00 --:--
Әйтекенің әкесі Бәйбек пен Қосуақ би көрші тұрған екен. Бір күні Қосуақ биге бірнеше би және дауы бар адамдар келеді. Олар бұрын бір-бірінен алған малдарын санай алмайды. Өзара дауласа бастайды. Әр адам өз сөзін дұрыс деп санайды. Олар бір-бірімен дауласып, қатты сөйлеседі. Қосуақ бидің де сөзін тыңдамайды. Сол кезде киіз үйдің жанында бірнеше бала «Хан талапай» ойнап отырады. Балалардың бірі: – Би біреу, қалғаны тіреу болуы керек,-деп қайталай береді. Оның сөзін билердің бірі естіп қалады. – Мына бала не айтып отыр? Тыңдаңдаршы!-дейді ол. Балаға: – Бұл сөзіңді кімге айтып отырсың?-деп сұрайды. Бала: – Керекті кісісіне айтып отырмын,-деп жауап береді. Сол жерге асығын тастап, кетіп қалады. Жиналған билер баланың сөзін түсінеді. Олар Қосуақ биге: – Біз сіздің шешіміңізге көндік. Не айтсаңыз да, келісеміз, -дейді. Осылайша олар Қосуақ бидің шешімін қабылдайды.
Қ. Әбдезұлы Қазақ әдебиеті. Хрестоматия.