This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Әйтекенің тапқырлығы
B1 - Intermediate · 155 words

Әйтекенің тапқырлығы

Audio player
0:00 --:--
Әйтекенің әкесі Бәйбек пен Қосуақ би көрші тұрған екен. Бір күні Қосуақ биге бірнеше би мен дауласушы адамдар келеді. Олар бұрын бір-бірінен алған малдарының есебін шығара алмай, дауды ұзақ уақыт шеше алмай жүреді. Әрқайсысы өз сөзін дұрыс санап, өз дегенінен қайтпайды. Ақырында олар бір-бірімен қатты дауласады. Өздері арнайы кеңес сұрап келген Қосуақ бидің сөзін де тыңдамайды. Осы кезде киіз үйдің жанында, көлеңкеде бірнеше бала «Хан талапай» ойнап отырады. Солардың біреуі: – Би біреу, қалғаны тіреу болуы керек,-деп қайта-қайта айтады. Балалар ойнап отырған сияқты көрінгенімен, оның сөзін билердің бірі естіп қалады. – Мына бала не айтып отыр? Тыңдаңдаршы!-дейді ол. Содан кейін балаға: – Әй, балақай, мына сөзіңді кімге айтып отырсың? -деп сұрайды. Бала асығын қолынан тастап: –Керекті кісісіне айтып отырмын,-дейді де, кетіп қалады. Баланың сөзін естіген адамдар оның ойын түсінеді. – Баланың аузына құдай салған шығар. Біз сіздің шешіміңізге көндік,-деп, Қосуақ бидің айтқанына келіседі. Осылайша балалардың арасында айтылған бір ауыз сөз үлкен дауды шешуге себеп болады.
Қ. Әбдезұлы Қазақ әдебиеті. Хрестоматия.